Бостандықтың қадірін білмеді

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Ақтөбеде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 25 адам қайтадан түрмеге түсті.

Биыл Ақтөбе облысы бойынша шартты түрде бас бостандығынан айырылған 25 адам қайтадан қылмыстық әрекеттерге жол бергені үшін бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды "Экспресс К".

Қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен Пробациялық қызмет өкілдерінің бірлескен тексеру шаралары нәтижесінде олардың бостандыққа шығып алып қоғамдық тәртіпті өрескел түрде бұзғандығы анықталған. Сондай-ақ 25 адам үшін енді кесілген мерзім өзгермейді, олар түрмеде толық отырып шығады. Ал, сынақ мерзімі ұзартылған 4 адам соңғы ескертумен бостандықта қалдырылды.

Еркіндікке шыққан соң жұмыссыз қалып, тағы да қылмыстық әрекеттерге бой алдырмас үшін сотталғандарды жұмыспен қамтумен пробациялық қызмет өкілдері айналысуда. Жыл басынан бері аймақта 217 адам жұмыспен қамтылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров