Шенеуніктерге көмектескен орманшылар жұмыстан қуылды

Нұрболат АДЫРБЕК

pxhere

Жамбыл облысында өздерінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып аң-құс атқан бірнеше шенеунік жұмыстан қуылып, жауапқа тартылған, деп хабарлайды "Экспресс К".

Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиылыста арнайы құрылған "Лашын" жедел қызметтік тобының директоры, Абай Кенжебек мәлімдеді. Аталған топ құрылғалы, облыс аумағындағы қорықтардан аң-құстарды атқан бірнеше браконьерлер ұсталып, үстерінен іс қозғалып, бір-екеуі түрмеге қамалса, өзгелері айыппұл төлеген. Ұсталғандар арасында қызметтік куәлігін көрсетіп, орманшыларға бағынбай аң атуға тырысатын шенеуніктер де болған. Оларға көмектескен орманшылар да анықталып, қызметтен қуылған. Тіпті қызыл кітапқа енген аң-құстарға оқ атқан жағдайлар да кездескен.

Осы жиынды қорытындылаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, "Лашын тобын біз не ұшін құрдық. Заңсыздықтың жолын кесу үшін. Кейбір шенеуніктер сіздердің қызметкерлермен келісіп, түнде аң аулайды. Біз солардың жолын кесуге тиіспіз. Біз табиғат байлығын ұрпағымызға жеткізу үшін оны қорғай да білуіміз керек", — деді.

Сондай-ақ, әкім заңға бағынбайтын қызметкерлер мен орманшылардың көпшілік алдында атын атап, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау керек. Айыппұл салумен ғана шектелмей, тиісті органдармен бірлесіп нақты шара қолдану қажет-деп атап өтті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров