Түркістан облысында адасқан туристер аман-есен табылды

Экспресс К

ТЖД

Түркістан облысы Бүргөлік тауында адасып кеткен үш турист аман-есен құтқарылды, деп хабарлайды «Экспресс К». Қазіргі кезде туристердің жағдайы жақсы.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша бүгін, яғни 6 маусым күні сағат 15.40- та Төлеби ауданының "101" қызметінің басқару пультіне 3 адамның адасқаны туралы хабарлама түскен. Сарыағаш ауданының 3 тұрғыны Бүргөлік шатқалындағы сарқырамаға дейін барып, адасып кеткен. Сондай-ақ, біреуі ауырып қалғандықтан өздігінен таудан түсе алмаған. Абырой болғанда, байланыс жүйесі арқылы құтқарушыларға дер кезінде хабар берген.

Оларды құтқару үшін жедел штабтан Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы және обылыстық төтенше жағдайларды департаментінен жедел құтқару жасағынан 6 адамы жұмылдырылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, подполковник Ерік Сарыбаев болған жағдайды баяндап берді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров