Шайбалы хоккейден ӘЧ: Канада 27-ші рет чемпион


© Getty images
Канада құрамасының хоккейшілері Ригада өтіп жатқан 2021-ші жылғы әлем чемпионатының финалында Финлияндия құрамасын ұтып чемпион атанды.


© Getty images
Овертайм бойынша кездесу қортындысы 3:2, канадалықтар қарсыластарынан басым түсті. Осылайша Канада құрамасы 27-ші рет шайбалы хоккейден әлем чемпионы болып отыр.


© Getty images
Әлем біріншілігінің негізгі кезеңінде Канада құрамасы плей-офф кезеңінде өз тобында төртінші орында болған еді. Ширек финалда канадалықтар Ресейді, жартылай финалда АҚШ командасын жеңді.
Мұның алдында АҚШ командасы үшінші орын үшін матчта Германияны 6: 1 есебімен жеңген болатын.
Айта кетейік, биыл аталған сында Қазақстан құрамасы ел намысын қорғады. Олар барлығы 10 ұпай жинап, турнирде бесінші орынды қанағат тұтты. Осылайша плей-офф кезеңіне шыға алмады.