Қазақстан

КВИ: Қазақстан «жасыл» аймаққа оралды

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Қазақстан коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдай бойынша «жасыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды «Экспресс К».

Дүйсенбіде жарияланған аймақтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысы "қызыл" аймақта қалып отыр. Мұнда әлі де болса қатаң шектеу шараларын енгізу қарастырылған.

Алматы, сонымен қатар Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары "сары" аймақта. Бұл өңірлерде карантиндік шараларды сақтау мен бақылау күн тәртібінен түскен жоқ.

Ал, қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан, бұл жерлерде шектеу шараларын жеңілдету мүмкіндігімен жағдай тұрақты деп бағаланып отыр.

Айта кетейік, бұрынырақта "жасыл" аймақта болған Қазақстан 21 мамырдан бастап қайта "сары" аймаққа өткен болтын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров