Дауыл соғып, шығын келді (видео)


ТЖД
Шымкенттегі қатты дауылдан 8 көп қабатты үйдің шатыры ұшты, деп хабарлайды «Экспресс К». Сондай-ақ, 1 коммерциялық нысан мен 4 жеке меншік үйдің шатыры құлаған.
Шымкентте кеше кешкісін 18.30 шамасында екпіні секундына 15-тен 28 метрге дейін болған жел қатты жел тұрды.
Жалпы ауданы 36 шаршы метр болатын көп пәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қаптамасына зақым келді. Ағаштардың құлауы және үйлердің шатырының бұзылуы салдарынан 8 автокөлік бүлінді


ТЖД
Абырой болғанда, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жағдай тұрақты.
Дауылдан келген салдарды жою үшін оқиға орындарында Шымкент қаласы ТЖД –ның 6 техникасы мен жеке құрамның 25 адамы жұмылдырылды.


ТЖД