Екі жыл күткен ақ жауын жауды

Экспресс К

© ЭК

Кеуіп қалған жер ана бір күн жауған жаңбыр суын айналасы 3-4 сағатта бойына сіңіріп алды.

Шаруалар күткен ақ жауын екі жылдан соң жауды. Маңғыстау облысында нөсерлетіп жаңбыр жауып, малшылар бір қуанып қалды. Халықтың тілеуі орындалып, кенезесі кепкен жердің тұла бойы бусанды, деп хабарлайды "Экспресс К".

© ЭК© ЭК
© ЭК

-Малшылар көп үмітті күзден күтетін еді. Былтыр да, биыл да "күздік" болған жоқ. Бірақ осы биыл қыс жылы болып, жүдеген малымыз әупірімдеп, аман-есен шықты. Жем-шөпті сатып алып, қолдан қоректендірдік. Биыл да "Сәуір болмай, тәуір болмас" деп күткен жауынымыз жаумай кеткен соң, үміт үзіп, малымызға қара шөпті талғажау етіп отыр едік. Алла тілеуімізді беріп, міне маусым айының алғашқы аптасында ақ жауын жауды. Шөлдеп қалған қара жерге бір күндік жауын аздық етеді. "Саратан-зауза сенен де қорқам" деп үлкен әкелеріміз айтып отыратын еді, сол күн маусым айының 14-інен басталып, тағы бір ақ жауын жауу керек. Одан да үметтеніп отырмыз",-дейді шаруа қожалығының иелері.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Десе де бойына ылғал дарыған жайылымды жерде көк шөптік көлеңкесі көрінетін күн алыс емес сыңайлы. Әлі де 3-4 күн қатарынан жаңбыр жауса, төрт түлік көкке тойынар еді.

Айта кету керек, бұған дейін Маңғыстау мен Қызылорда өңірінде қуаңшылықтан мал қырылып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.

© ЭК© ЭК
© ЭК

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров