Пәкістанда пойыз үлкен апатқа ұшырады, бірнеше адам көз жұмды

Экспресс К

twitter.com

Пойыздар соқтығысып, салдарынан қаза болғандар саны 30-дан асқан. Алайда бұл нақты мәлімет емес, өйткені жергілікті билік зардап шеккендер әлі де болуы мүмкін деп болжам жасайды.

Пәкістан полициясының мәліметінше екі пойыздың бірі рельстен шығып, екіншісіне соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық 14 вагон аударылып, сегізі толығымен жарамсыз боп қалған. Жапа шегіп, жақынынан айырылғандар саны да артқан. Тіпті құтқарушылар бірнеше сағат бойы апатқа ұшыраған пойыздың кей бөліктеріне кіре алмай жанталасуда, өйткен ол жерде 25-ке жуық адам бар болуы мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров