«Дәрмек» операциясы қанша қылмыс ашты?

Экспресс К

pxhere

«Дәрмек» операциясы барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 77 қылмыс анықталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды «Экспресс К» .

"Дәрмек" арнайы ауқымды операциясы барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 77 қылмыс анықталды. Оның ішінде 38-і өткізу фактісі болса, аса ірі мөлшерде есірткіні сақтау бойынша 15 факті тіркелді, 3 контрабандалық әрекет әшкереленді.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының полицейлері облыс орталығының тұрғынын ұстап, үйіне тінту жүргізген кезде 10 келіге жуық гашиш тауып алды. Барлық анықталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды,

деді Нұрділдә Ораз.

Сонымен қатар, 5 күн ішінде 877 нысан, оның ішінде дәріханалар мен қоймалар, емдеу-алдын алу мекемелері және өнеркәсіптік кәсіпорындар тексерілді.

Қазіргі уақытта дәріханалық нашақорлық кең тарала бастағаны белгілі. Сондықтан полицейлер есірткіге ұқсас мас қылатын және тәуелділікті туғызатын дәрі-дәрмектерді рецептісіз босату фактілерін анықтауға баса назар аударды,

деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, есепке алынған препараттарды рецептісіз босатудың 56 фактісі анықталып, 12 тонна прекурсордың айналымы шектелді. Операция барысында 21 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 17-сі есірткі құралдарымен жұмыс істеу ережелерін бұзу, 4-еуі улы заттардың, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды дайындау үшін пайдаланылатын заттардың заңсыз айналымына қатысты болды.

ақылаудағы заттар айналымы саласында 99 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде объектілерді техникалық нығайту талаптарын бұзуға қатысты 34 факті, лицензиялау нормаларын бұзуға байланысты 9 факті тіркелді. Әкімшілік жауапкершілікке 40 медицина қызметкері тартылды. Мәселен, Атырау тұрғыны психотроптық препараттарды сатумен айналысқан. Одан күшті әсер ететін 58 пластинка мен 31 құты препараттар тәркіленген", — деді ол.

Ол сақтау талаптары бұзылған немесе құрамында есірткі бар сатылымдағы барлық препараттар айналымнан алынғанын атап өтті.

Атап айтқанда, 2 мыңнан астам есірткі құралдары ампуласы, 1600-ден астам таблетка және 1800 психотроптық заттар ампуласы тәркіленді,

деді ресми өкіл.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров