Сотталғандарға медициналық көмек көрсету ДСМ құзырына беріледі

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

2023 жылдан бастап сотталғандарға медициналық қызмет көрсету Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі, деп хабарлайды «Экспресс К».

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

Оның атап өтуінше, Ішкі істер министрлігінде ведомство қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ашық онлайн тыңдаулар өтті. Онда қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңнамаға енгізілетін түзетулер қаралды.

"Өзекті мәселелердің бірі — сотталған адамдарды медициналық қамтамасыз ету. Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру және халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында 2023 жылға қарай сотталғандарды медициналық қамтамасыз етудің барлық функциялары Денсаулық сақтау министрлігіне берілетін болады. Бұл іс-шара сотталғандарды медициналық тексерудің, диагностиканың және емдеудің қазіргі заманғы әдістерін пайдалануға мүмкіндік береді", — деді Нұрділдә Ораз.

Сонымен қатар, ол медицина қызметкерлері аштық жариялауды тіркеу немесе дене жарақатын салуға қатысты шешім қабылдаған кезде олардың жұмысына мекеме әкімшілігінің араласу мүмкіндігі жойылатындығын айтты.

"Ашық тыңдау барысында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың әлеуметтік-құқықтық көмек алуына жәрдем көрсету мәселесі де қаралды. Бұл функция жергілікті атқарушы органдарға берілетін болады. Өйткені заңнамаға сәйкес әкімдіктер қазірдің өзінде осы бағытта көмек көрсетіп келеді", — деді ол.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров