Ақтаудағы түрмеде жоғары оқу орны ашылды

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Маңғыстау облысындағы түрмеде жазасын өтеп жатқандарға жоғары білім алуға мүмкіндік берілді, деп хабарлайды «Экспресс К».

Алдағы уақытта сотталғандар Қазақстанның логистика және көлік академиясында қашықтан оқитын болады. Жоғары оқу орнына түсу үшін олар қарапайым абитуриент секілді барлық талаптардан өтуі керек.

Оқу ақысы жылына — 400 мың теңге.

"Қазіргі уақытта 12 сотталған талапкер ЖОО-ға түсу емтихандарына дайындалуда, қабылдау комиссиясы жаздың соңында оларды қарауға кіріседі. Оқыту негізінен көліктік техника мамандықтар бойынша жүргізіледі. Әкімшілік өз кезегінде біздің студенттерді табысты оқыту үшін техникалық жағынан қамтамасыз етеді", — деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров