Ақтөбе

Төрт жастағы баланы судан құтқарып қалғандар марапатталды

Экспресс К

ТЖД

Төрт жастағы баланы судан құтқарып қалған жасөспірімдер ҚР Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды. Медаль облыстық төтенше жағдайлар департаментінде тапысырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде 28 мамыр күні 17 жастағы Айбар Қарғалы өзенінің жағасында серуендеп жүріп, батып бара жатқан баланы байқайды. Жігіт ойланбастан суға түсіп, баланы жағаға алып шығады. Осы кезде көмекке 15 жастағы оқушы Бимырза жетеді. Ол үйінің қоршауынан секіріп, жүгіріп келеді. Жасөспірімдер баланың кеуде тұсына массаж жасап, жасанды дем береді. Көп ұзамай жедел жәрдем келіп, бала облыстық балалар ауруханасында жеткізіледі. Қазіргі уақытта құтқарылған баланың жағдайы жақсы, үйіне жіберілді.

Осы ерлігі үшін мұның алдына Серік Айбар мен Манасов Бимырза облыстық төтенше жадайлар департаменті бастығының "Алғыс хаты" және естелік сыйлықтарымен марапатталған болатын.

ТЖДТЖД
ТЖД

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров