Балалар лас суға шомылып жүр (видео)

Экспресс К

© ЭК

Әлеуметтік желіде ауыл балаларының лас суға шомылып жүрген видеосы жарияланды. Тұрғындар ол көлдің зияны мол, балалардың денсаулығына қауіпті екенін айтып дабыл қағуда деп хабарлайды «ЭкспрессК».

© ЭК© ЭК
© ЭК

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылының іргесінде жатқан "Кіші Оймашы" халық арасында зиянды көл атанып кеткен. Жан-жағы қоқыс пен түрлі қалдықтарға оранған көлдің айналасы осы күнге дейін қоршалып, абаттандыру жұмыстары жасалмаған.

Ал Атамекен ауылының әкімі Нұрхан Мұстафаев "Кіші Оймашының" тұрғындардың өміріне зияны жоқ екенін айтады.

Аталған көлге экологиялық сараптама жасалды. Зиянсыз екені анықталды. Алдағы уақытта жан-жағы қоршалып, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаты жасақталып жатыр,

дейді ол.

"Кіші Оймашы" Каспий теңізінен төмен, жан-жағы биік қазандықта орналасқан. Түбінде 180 мың тонна ас тұзы жатыр. Жан-жағында ойпатқа құятын 11 кішкентай бұлақша бар. Құрамында ешқандай радияция жоқ, зиянсыз. Осылай деген эколог маман Орынбасар Тоғжанов ол көлді ластап жатқан халықтың өзі екенін айтады.

"Кезінде өзім ол көлге зерттеу жұмыстарын бастан аяқ жүргіздім. Экологияға, адам өміріне ешқандай қауіп төндірмейді. Бірақ суы ащы, адамдардың шомылуына арналмаған. Дегенмен шағын демалыс орнын салуға сұранып тұрған жер. Кәсіпкерлер, немесе жергілікті әкімдік абаттандыру жұмыстарын қолға алса кешкі уақытта халықтың серуендеуіне арналған тамаша жер болар еді. Бірақ көлдің орта жағы терең. Балалардың шомылуына қауіпті. Көлді ластап отырған жергілікті тұрғындардың өзі. Күл-қоқысын көлдің маңына төгеді, сондықтан экологиялық сипаты бұзылған. Ал түсінің қызғылт болуы құрамында магнийдің көптігінен және "артемия салина" деп аталатын түсі қызғылт ең ұсақ шәяндардың болуынан. Сондықтан ол көлге тек тазалық жетіспей тұр",- дейді Маңғыстау облысының экологы Орынбасар Тоғжанов.

"Аталған көлге экологиялық сараптама жасалды. Зиянсыз екені анықталды. Алдағы уақытта жан-жағы қоршалып, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаты жасақталып жатыр",-дейді ол. Жобаның тіпті эскизі де жасалған екен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров