Маңғыстау облысы

Маңғыстауға мал азығы жеткізілді

Экспресс К

© ЭК

Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу, Маңғыстау, Түпқараған, Мұнайлы аудандарына Ақтөбеден, Шымкенттен жем-шөп жеткізілді деп хабарлайды "Экспресс К".

Қуаңшылықтан қысылған шаруалар мал азығына қол жеткізіп қуанып жатыр.

"Өткен сенбіден бері аулға Ақтөбеден шөп тиеген көліктер келіп, тұрғындарға мал азығын таратуда. Бұл əрине, біз үшін жақсы жаңалық болды. Іргедегі Сарға, Сам ауылдарынан көлігі бар шаруа иелері шөпті көтерме бағада тиеп алып кетті. Дегенмен жергілікті кәсіпкерлердің Ақтөбеге барып шабындыққа шөп шабуға мүмкіндігі бар екендігін ескерткіміз келеді",-деді ауыл шаруашылық бөлімінің басшылары.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Маңғыстау ауданына Шымкенттен әкелінген жоңышқаның мал үшін пайдасы өте зор. Әзірге аудан орталығы Шетпеге мал азығының 2 вагоны келіп тұр. Алдағы аптада Ақтөбеден де вагон мен көлікке тиелген шөптер келеді деп күтілуде.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Түпқараған ауданына Ақтөбе облысы, Темір ауданынан 900 тюк шөп жеткізілді. Бағасы 1300 теңгеден.

"Темірден келген шөптің құнары алабөтен. Сондықтан аудан, ауыл тұрғындары шөпті таласып алып жатыр",-дейді обыстық ауылшаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Ал, Мұнайлыға Алға ауданынан келген 600 шөмеле шөп бір күнде сатылып кеткен. Алдағы уақытта да жем-шөп әкелу жұмыстары жалғаса бермек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров