Қарудың бүтін бір арсеналы тәркіленді (Видео)

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Сауда үйлерінің бірінің тұрағындағы "Lexus LX 470" және "Toyota Camry" көліктерін полиция жауып тастады. Ол жерден 6 адам ұсталды, оның 4-уі бұрын сотталған.

"Олар, қарақшылық шабуыл, тонау, бұзақылық, есірткі қылмыстары және заңсыз қару-жарақ айналымы үшін сотталған. Үлкені — 33 жаста, кішісі — 25 жаста. Біреуі — Түркістан облысынан, қалғандары — Алматы облысының тұрғындары. Айыпталушыларға және олардың көліктеріне жүргізілген жеке тінту кезінде 2 "Макаров", "Наган" және "Марголин" тапаншалары, тегіс ұңғылы 2 мылтық, "Стражник" травматикалық тапаншасы және оларға арналған патрондар табылды және тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген барлық қару атуға жарамды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 287 бабы 3 бөлімі бойынша тіркелді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына орналастырылды", — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.

Тергеу барысында тәркіленген әскери арсеналдың шығу тегі, тиесілігі, сондай-ақ, оның қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады. Айта кету керек, арнайы іс-шараны қалалық криминалдық полиция қызметкерлері ІІМ КПД әріптестерімен және арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен өткізді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров