Қазақстанда мамыр айында тұрғын үй бағасы 2,6% - ға өсті

Экспресс К

pixabay

Елімізде мамыр айында тұрғын үй бағасы 2,6% - ға өсті, деп хабарлайды «Экспресс К».

Ал, жыл басынан бері жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 8,3%-ға артқан. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, абаттандырылған тұрғын үйдің нарықтағы бағасы бір айда 0,9% — ға, жалдау ақысы 0,7%-ға көтерілген.

Республика бойынша жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрі мамыр айында 335 мың 539 теңгеге бағаланса, қайта сатылатын жайлы тұрғын үйлердің шаршы метрі 264 мың 129 теңге болып отыр. Ал жалдау құны әр шаршы метріне 1758 теңгеге пара-пар.

Сәйкесінше, сәуір айымен салыстырғанда мамыр айында елімізде тұрғын үйді сатып алу-сату келісімдері 19%-ға қысқарған.

Бірақ осы жылғы қаңтар-мамыр аралығында баспана сатып алу-сату көрсеткіші тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,5 есеке өскен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров