Алматыда эпидемиологиялық жағдай жақсарды

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Қазір қала сары белдеуде тұр. Осыған байланысты індет жұқтырған науқастарды емдеу үшін құрылған бірқатар стационарлар қалыпты жұмыс режиміне көшеді. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуцынша, қазіргі таңда Алматы бойынша эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Жұқпалы аурулар стационарларында 1258 адам жатыр. Жедел жәрдем бекетіне тәулігіне 1850-1930 аралығында қоңырау түседі. Мамыр айының ортасында ауруханаға бір тәулікте 190-200 адам жатқызылса, қазір оның саны 80-90-ға дейін азайған. Мәселен,өткен тәулікте 54 науқас ауруханаға жатқызылған.

Осыған байланысты коронавирус жұқтырған науқастарды қаланың мамандандырылған ауруханаларына жатқызу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 12 стационар қалыпты режимге ауыстырылған. Сондай-ақ 14 маусымнан бастап орталық клиникалық аурухананың ковидтік стационарлары, Байзақов көшесіндегі жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы қалыпты жұмыс режиміне оралады.

1 маусымнан бастап Алматы қаласы covid-19 таралу қарқыны бойынша "сары" аймаққа кірді. 10 наурыздан бері қала "қызыл" аймақта болатын. Қалада 1,9 миллионан астам тұрғын бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров