Жұмысшылар арнайы экзоскелет киімін сынақтан өткізді

Экспресс К

ERG баспасөз қызметі

Экзоскелет - бұл қолданушының физикалық мүмкіндіктерін толықтыруға арналған мобильді, тасымалды, роботтандырылып, электрлендірілген немесе механикаландырылған құрылым. Бұл адамның денесіне бекітілген қатты, алайда жеңіл материалдан жасалған қаңқа.

Ақсу ферроқорытпа зауытының мамандары инновациялы экзоскелеттерді киіп, сынап көрді.

ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы "Қазхром"ТҰК" АҚ филиалы — Ақсу ферроқорытпа зауытында енді фантастикалық фильмдердегідей ерекше костюмдер бар, деп хабарлайды "Экспресс К"

ERG баспасөз қызметіERG баспасөз қызметі
ERG баспасөз қызметі

Арнайы экзоскелеттерді кәсіпорындағы жөндеу бөлімшелерінің бірі сынай бастады. Ерекше костюм зауыт мамандарына физикалық күшті қажет ететін жұмыстарды орындауға септеседі. Демек, олардың жұмысын ыңғайлы әрі қауіпсіз етпек.

Алғашқы экзоскелетті* Ақсу ферроқорытпа зауыты жөндеу цехтарының қызметкерлері сынап жүр. Неге десеңіз, бұл учаскеде жұмыстар көбіне қол еңбегімен атқарылады. Мұндай қимыл-қозғалыстар толық жұмыс күні ішінде тез шаршатады. Яғни қызметкер зейіні төмендейді. Экзоскелеттерді қолдану тірек-қимыл аппаратына салмақ салмай, нәтижесінде зауыт жұмысшыларының денсаулығына оң әсер етеді деп күтілуде.

Экзоскелет инновациялы жеңіл материалдан жасалған қаптамадан тұрады. Салмағы небәрі — 2 келі. Қолдануға өте ыңғайлы.

— Костюмді артық көмексіз бір минут ішінде тез киюге болады. Киіп тұрғанда альпинистік құрал-саймандар еске түседі, — деді электргазбен дәнекерлеуші Александр Волков. — Негізгі қаңқаны аяқтар мен қолдардағы тіреулермен байланыстыратын икемді тартқыштар қолдың иілуін және жазылуын сәл қиындатады, бірақ түзетуді едәуір жеңілдетеді. Жалпы, экзоскелетте кез-келген тиеу-түсіру операцияларын орындау әлдеқайда оңай.

Магнитогорскте шығатын ресейлік "EXORISE" ("Экзорайз") компаниясының экзоскелеті адамның омыртқасына түсетін жүктемені 35%-тен азайтуға, сондай-ақ дұрыс қалып пен жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

ERG баспасөз қызметіERG баспасөз қызметі
ERG баспасөз қызметі

— Біз қызметкерлеріміздің физикалық белсенділігін мүмкіндігінше жеңілдетуге тырысамыз, — деді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Валентин Чихичин. — Бүгінгі күні экзоскелет — еңбекті қорғау нарығындағы болашағы зор үрдіс. Ол денсаулықты қорғауда айтарлықтай үлес қосуға қауқарлы. Сондықтан экзоскелеттерді тәжірибелік алаңда қолданудың оң тәжірибесін алғаннан кейін, оларды басқа өндіріс орындарына енгізу мүмкіндігін қарастырамыз.

Механикалық жөндеу цехтары блогының басқа учаскелерінде пассивті экзоскелетті қолдану туралы оң пікір, кері байланыс болған жағдайда, мұндай жабдықты пайдалы болуы мүмкін басқа да құрылым өкілдері үшіне сатып алу жағы қарастырылады.

Экзоскелетті қолданғанда қалай көрінеді? Телефоныңызды камера режимінде QR кодына бағыттаңыз және қалқымалы сілтемені ашыңыз. Немесе төмендегі сілтемеге кірсеңіз де болады https://youtu.be/p_pE6PYPhXc

Анықтама үшін: Еуразиялық Топтың (ERG) құрамындағы "Қазхром" ТҰК" АҚ — бұл әлемдік деңгейдегі заманауи вертикалды интегралданған компания, дүниежүзіндегі тау-кен-металлургия саласы бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі, хром кенінің сапасы бойынша әлемдегі озық компаниялардың үздігі. Жер қойнауын барлаудан бастап, пайдалы қазбаларды өндіру және байыту, жоғарғы қосымша құнымен өнім шығаратын металлургиялық өндірістен тұратын тау-кен-металлургиялық кластерінің толық циклы болып табылады. Компания жылына 5,6 млн. тонна тауарлы хром кенін, 480 мың тонна марганец кенін және 1,8 млн. тонна ферроқорытпа өндіреді. "Қазхром" ТҰК" АҚ төрт құрылымдық бөлімше-филиалдарды біріктіреді: Дөң тау-кен байыту комбинаты (Ақтөбе облысы, Хромтау қ.), "Қазмарганец" кен басқармасы (Қарағанды облысы), Ақсу ферроқорытпа зауыты (Павлодар облысы) және Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (Ақтөбе облысы).

EURASIAN RESOURCES GROUP ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

Eurasian Resources Group (ERG) — табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі. Төрт құрлықта орналасқан 15 елде Еуразиялық Топтың кәсіпорындары өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады.

Бүгінде ERG жоғарыкөміртекті феррохром құрамындағы хром үлесі бойынша Еуразия кеңістігіндегі көшбасшы әрі темір кенін жеткізуші ірі компанияға айналды. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Топ құрамында. Сондай-ақ, мыс пен кобальт жеткізуші ірі компаниялар қатарында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров