COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 395832 ЖАЗЫЛҒАНДАР 369024, ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4086


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 768 жағдайы тіркелді, деп хабарлады сейсенбіде коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір күн бұрын елде 989 Сovid-19 оқиғасы анықталды, 19 адам қайтыс болды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 73,
Алматы қаласында — 125,
Шымкент қаласында — 21,
Ақмола облысында — 62,
Ақтөбе облысында — 0,
Алматы облысында — 59,
Атырау облысында — 29,
Шығыс Қазақстан облысында — 70,
Жамбыл облысында — 16,
Батыс Қазақстан облысында — 39,
Қарағанды облысында — 149,
Қостанай облысында — 36,
Қызылорда облысында — 8,
Маңғыстау облысында — 9,
Павлодар облысында — 51,
Солтүстік Қазақстан облысында — 13,
Түркістан облысында — 8.
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 369 мың 24 адам емделді, оның ішінде соңғы тәулікте 1 мың 739 адам.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап республикада коронавирустың клиникалық көріністері бар, бірақ ПТР нәтижесі теріс пневмониямен сырқаттанушылықтың 55 мың 809 жағдайы тіркелді, КВИ — ден 3 мың 395 адам қайтыс болды.
8 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекциядан 23 мың 598 адам ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 22 мың 712 — оң ПТР-тестімен (КВИ+) және 712 — теріс (КВИ-), стационарларда 8 мың 53 пациент, амбулаториялық емдеуде — 15 мың 534.
"КВИ+ және КВИ науқастарының ішінен 540 пациент ауыр жағдайда, аса ауыр жағдайда — 114, ӨЖЖ аппаратында — 71", — деп Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде көрсетіледі.