Өзіне-өзі қол жұмсап, жоғарыдан құламақ болды (видео)

Экспресс К

ТЖД

Жоғары қабаттан құлап кетпек болған әйел құтқарылды, -деп жазады «Экспресс К».

Бүгін таңертең 101 қызметіне Өскемен қаласы, Назарбаев даңғылында орналасқан үйлердің бірінің үшінші қабатында терезеде әйел адамның құлап кетпек болып тұрғаны жайлы қоңырау түскен.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, балконға ілініп, құлаудық алдында тұрған тұрғынды құтқарды. Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары үй сыртымен 4 қабатқа көтеріліп, арқанымен балконға түсіп, соңғы сәтте әйелді ұстап қалды.

Содан кейін ақырын төмен түсірді. Осы сәтте барлық әрекетті бақылап тұрған өзге де құтқарушылар мен полиция қызметкерлері төменнен кенепті созып, сақтандырып тұрды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1981 жылы туған әйел адам алкогольдік ішімдік ішкені анықталып, суицид жасамақ болған екен.

Қазір ол жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды, оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров