Тараздық альпинист Эльбрус шыңын бағындырды

Экспресс К

Анвар Ханбабаев

Анвар Ханбабаев Еуропадағы және Ресейдегі ең биік тау шыңы Эльбрусты бағындырып, еліміздің көк байрағын 5 мың 642 метр биіктікте желбіретті, деп хабарлайды «Экспресс К».

Nege.kz тілшісінің жазуынша 34 жастағы азаматтың мамыр айында басталған сапары 8 күнге созылған. Бұл идеяны ол бірнеше жыл бұрын бастап жүйелі түрде жаттыққан. Кейін 10 адамнан тұратын ресейлік альпинистер тобына қосылып, жоспарын жүзеге асырды. Қазір ол елге оралды. "Бұл менің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына жасаған тартуым" дейді альпинист. Келешекте Эверест пен Килиманджаро шыңдарын бағындырмақ.

Анвар Ханбабаев: "Шыңды бағындыру оңай шаруа емес екендігіне тағы да көзім жетті. Аяз, боран. Оттегі жетіспейді. Артқа шегінуге намысым жібермеді. Туған-туыстарым, жерлестерімнің қолдауының арқасында мақсатыма жеттім. Түскі сағат 12:18 шамасында Эльбрусқа көтерілдім. Қазақстанның Туын сонда тігіп желбіреттім. Көкірегімді мақтаныш кернеп, ерекше сезімге бөлендім. Осылайша Егемендігіміздің 30 жылдығына ерекше үлес қосқым келді", — деді альпинист.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров