Ұсақ мал бұршақ астында қалып, қырылып қалды

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында жаңбыр аралас бұршақ жауып, шаруаларға қиындық туғызды, деп жазады "Экспресс К"

Салдарынан жайылымда жүрген 100-ге жуық ұсақ мал қырылып қалды. Олардың шала-жансар болған кейбірін арам өліп қалмасын деп бауыздап та үлгерген. Қырықтықты ерте жүргізгендік осыған себеп болса керек.

"Ұсақ мал қырықтыққа ерте түскен соң бірден жайлауға шығарылған. Табиғаттың тосын мінезінен күн суытып, жауын болып, артынша ол бұршаққа айналды. Мұны көтере алмаған қой-ешкілер шетінен өле бастаған, ал өлуге таяған бастарды сойып етін таратып жіберген", дейді жергілікті ветеринария саласының мамандары.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров