Таиландта Covid-19-ға қарсы жаппай вакцина алу басталды

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Тайландта жыл соңына дейін 50 млн адам короновисрусқа қарсы екпе алады.

Бұндай ұжымдық вакцинациялау туризмге қатысты шектеулерді жоюдың кепілі деп сенген Тайланд корольдігі үкіметінің үміті зор, деп хабарлайды "Экспресс К".

Сол себепті кешеден бастап халықты Covid-19 қарсы жаппай вакцинациялау бойынша жалпыұлттық науқан басталды. Бұл елде вакцинация қытайлық Sinovac вакцинасы және "AstraZeneca" вакцинасы арқылы жасалады. Екпе салу арауханадан өзге стадиондарда, сауда орталықтарында жүзеге асады. Сөйтіп ел билігі жыл соңына дейін ұжымдық иммунитетті қалыптастыруды қолға алды.

Айта кету керек, әлемдік пандемия тай елінің туризм саласына да едәуір кер ықпалын тигізді. Карантин шектелулерінің салдарынан турсектор айтарлықтай құлдырады. Енді вакцинация шарасы осы жылдың соңына дейін шектеулерді жеңілдетуге мүмкіндік береді деп үміттенеді жергілікті билік. Қазіргі уақытта келген барлық туристер екі апталық карантиннен өтуі керек. Сондай-ақ шілде айында вакцина алған туристер үшін Пхукет аралын ашуды жоспарлап отыр. Бірақ бұған дейін Пхукет халқының 70% — ы екпе салдыру керек деп санайды. Пандемияь кезінде Тайланда қауіпті дертті жұқтырған 180 мыңға жуық адам анықталса, оның 1,2 мыңнан астамы қайтыс болған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров