Полицейлер үйрек балапандарын құтқарды (видео)

Экспресс К

Бейнеден кадр

Нұр-Сұлтан полицейлері шаһар көшесінің бірінде өріп жүрген үйрек балапандарын құтқарды, деп жазады «Экспресс К».

Кеше "102" нөміріне кешкі сағат 9-дар шамасында елорда тұрғыны хабарласып, полиция қызметкерлерінен Байтұрсынов көшесі бойында жүрген балапан үйректерге көмектесуді сұрапты.

Татьяна Зигель есімді тұрғының айтуынша, аялдаманың маңында үйрек баланпандарының жүргенін байқаған. Өз бетінше құтқармақ болған. Алайда балапандар ұстатпаса керек. Сосын полиция көмегіне жүгінуге тура келді.

Көп ұзамай оқиға орнына патрульдік полиция полкінің қызметкерлері келді. Тәртіп сақшылары үйректерді қорапқа салып "Есіл" өзеніне апарып босатты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров