Еліміз Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Экспресс К

Pxhere

Екі мемлекет келісімге осы жылдың сәуірінде қол қойды. Енді Қазақстан мен Тәжікстан билігі құжатты өз елдерінің ішінде ратификациялауы керек.

Тәжікстанға ақысыз әскери-техникалық көмек көрсетуге қатысты екі ел арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды "Экспресс К".

Заң жобасының мәтіні "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Қоғамдық талқылау 2021 жылдың 17 маусымына дейін өтеді. Тиісті мемлекетішілік рәсімдерден өткеннен кейін құжат өз күшіне енеді. Екі ел 2021 жылдың 17 сәуірінде Нұр-Сұлтанда келісімге қол қойған.

Жарияланған мәтінге сәйкес, Қазақстан Тәжікстанға әскери мүлік түрінде әскери-техникалық тегін көмек көрсетуге келісті.

Қазақстан Тәжікстанға жөнелтетін әскери мүлік тізіміне мыналар кірді:

• Саны 3 миллион 240 дананы құрайтын 5,45 миллиметрлі патрон;

• Саны 20 мың 76 дананы құрайтын 23 миллиметрлі патрон;

• Саны 10 мың дананы құрайтын 82 миллиметрлі оқ.

"Берілетін мүлік қолданылмай тұр және артық мөлшерде сақталуда, осыған байланысты оны қалпына келтіруге бюджет қаражаты талап етілмейді. Жоба мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден қосымша қаржы шығындарын талап етпейді. Қаулыны қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды", — деп жазылған қазақстандық тараптың түсініктеме жазбасында.

Келісімді жүзеге асыру бойынша құзырлы орган — екі елдің қорғаныс министрлігі.

Егер екі мемлекет те келісімді ратификацияласа, Қазақстан оқ-дәріні Жамбыл облысындағы "Отар" станциясынан Душанбедегі "Рохати" тәжік станциясына дейін теміржол арқылы жеткізеді. Ол жақта екі елдің өкілдері жеткізілген мүлікті тиісті үлгіде қабылдау және тапсыруды орындауы керек.

"Рохати" станциясына дейін әскери мүлікті жеткізу шығынын қазақстандық тарап көтереді. Кедендік тазарту мен жүкті декларациялау Еуразиялық экономикалық одақ заңнамасына сәйкес орындалады.

Жеткізілетін жүк барлық кедендік баж, салық пен жиындардан босатылады. Сонымен қатар Тәжікстанға Қазақстаннан алған әскери мүлікті үшінші тарапқа беруге тыйым салынады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров