Орманды өрт емес, пара жалмаған

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Шығыс Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен бірнеше шенеунік ұсталды. Бұл туралы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады, -деп жазады "Экспресс К"

ШҚО "Семей орманы "Мемлекеттік орман табиғи резерваты" РММ лауазымды тұлғаларына қатысты парақорлық фактісі бойынша іс тіркеліп сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу жалғасуда, шығын мөлшері анықталуда. Тергеу мүддесіндегі басқа мәліметтер жария етуге жатпайды. Кінәлілер анықталған соң түпкілікті үкімді сот шығарады,

делінген хабарламада.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерді қылмыс жасауға итермелеген себептер мен жағдайларға талдау жүргізіліп, нәтижесі шыққан соң олардың заңсыз және жемқорлыққа жол беретін әрекеттерін жою үшін ұсыным жасалады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров