Қазақстан
Былғары қолғап шебері жекпе-жекке екі күн қалғанда пышаққа түсті


instagram.com / kohanchik.m
Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов пен Михаил Коханчик арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды, деп хабарлайды «Экспресс К».
Рrosports.kz сайтының таратқан мәліметіне сай, кездесу 10 шілде күні Алматыда өтуі керек болатын. Бұл туралы Дәурен Елеусінов Instagram парақшасында жазған.
"Бұл жекпе-жектің өтпейтінін хабарлағым келіп отыр. Маған Михаил Коханчикті пышақтап кеткені туралы хабар келді. Қазір ол жансақтау бөлімінде. Тез жазылып кетуіне тілектеспін", — деп жазды Дәурен Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бөлісу