Павлодар

Павлодарда компания бухгалтері миллиондарды жымқырған

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Павлодарда миллиондап ақша жымқырды деген күдікпен ЖШС-нің бухгалтері ұсталды.

Ол бес миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке іленген, деп хабарлайды "Экспресс К" Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.

Павлодар қаласының тұрғыны бухгалтер болып жұмыс істегені анықталды. Оның міндетіне бухгалтерлік құжаттарды орындау, тауарларға тапсырыс беру, тауарларға ақы төлеу, қызметкерлерге жалақы есептеу кірді. Қала тұрғыны ай сайын фирманың 300-400 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын күйеуіне шотқа аударып, кейіннен өзі пайдаланған, ал басшылыққа жалған шот фактуралар берген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, — деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рашад Өтеуов.

Жыл басынан бері полицияда бөтен мүлікті талан-таражға салудың 29 фактісі тіркелді.

Айта кетейік, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденгені немесе ысырап еткені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген. Полиция кәсіпорындардың, фирмалардың иелеріне кезең-кезеңмен түгендеу мен аудит жүргізуді ұсынады. Сондай-ақ тауарлар мен материалдарды сақтау орындарында өткізу жүйесін, бейнекамераларды орнату керек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров