Елдегі мектеп басшыларын жаппай ауыстыру қалай жүзеге асырылады?

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Республикадағы орта білім беретін мекеме басшыларын ротациялау ережесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Экспресс К».

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Antikor Live алаңында өткен тікелей эфирде мәлімдеді.

"Елдегі 7500 директор бір күн ішінде кенеттен ауыстырып жіберетіндей, қазірден -ақ пікірталас болып жатқанын көріп отырмын. Біріншіден, олай емес. Екіншіден, Павлодар облысынан Қарағанды жаққа немесе Қарағаныдан Түркістан облысына ешкімді жіберейік деп жатқан жоқпыз, , өйткені бұл жерде отбасы, қоныс аудару, әлеуметтік пакет мәселесі бар", — деді Аймағамбетов.

Халықаралық тәжірибені зерттей отырып, барлық оң және теріс жақтарын ескере келе шешім шығарылады,

деді ол.

"Біз әріптестерімізбен директорларды ротациялау ережелерін талқылап жатырмыз. Мәселелн, бұл қанша жылдан кейін болуы керек ? Бірінші рет бас тарта ала ма, жоқ па, оны қайда жіберуге болады? Осы сияқты көптеген түйіндер бар. Біз бұл мүмкіндікті өз мүддесіне пайдалануына жол бермеуіміз керек. Жалпы, тәжірибе кадрды жаңарту мен ротация өте маңызды екенін көрсетеді", — деді министр.

"Ашық ҰКП" порталында мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау ережесінің жобасы болды. Мектеп директорларын аттестаттау немесе олардың жұмысының тиімділігін қарай үш жылда бір рет ауыстыру ұсынылды. Ереже жобасында зейнетке шыққанға дейін үш жыл немесе одан аз уақыт қалғандар ротациядан босатылуы мүмкін екендігі айтылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров