Елордада 36 мотоцикл өртеніп кетті

Экспресс К

ТЖД

8 маусым күні сағат 11:54-те елордалық өрт сөндірушілер Герцен көшесінде орын болған өртті сөндіруге шықты, деп хабарлайды "Экспресс-К".

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткен. Сағат 12:02-де мотоцикл сататын дүкеннің іргелес аумағында 15 шаршы метрде 36 дана мотоцикл мен 1 дана қарда жүретін техниканың жанып жатқаны анықталды.

ТЖДТЖД
ТЖД

Өрт сағат 12:09-да толықтай сөндірілді. Сөндіру жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров