Қазақстан

Енді мұғалім жұмысқа конкурс арқылы қабылданады

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бос жұмыс орыны туралы хабарландыру беріліп, жалақысы, міндеті, қойылатын талаптар туралы ақпарат жарияланады, деп хабарлайды «Экспресс К».

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімді жұмысқа алу үшін директорлар пара алады деген алып-қашпа әңгімеге қатысты өз пікірін білдірді.

Мұндай мәселенің, тәуекелдің бар екенін мойындау керек. Сондықтан арнайы норма Заңға енгізілді,

деді ол.

Жаңа норманы да түсіндіре кетті.

"Бұған дейін әр мектеп басшысы мұғалімді жұмысқа аларда өзі дербес шешім қабылдады. Біріншіден, директордың шешімді өзі шығаруы -тәуекел. Екіншіден, мұғалімді жұмысқа қабылдағанда нақты критерийлері болуы қажет. Осы ретте аталған тәуекелдердің алдын алу үшін заңнамаға өзгеріс енгіздік. Енді мұғалімдерді жұмысқа директорлар қабылдамайды, олар конкурс арқылы жұмысқа орналасады", — деді.

Амағамбетовтың айтуынша, егер бос орын болса, онда оған тиісті хабарландыру беріледі. Онда жалақысы, міндеті, қойылатын талаптар туралы толық ақпарат болады. Осы хабарлама аясында үміткерлер құжаттарын тапсырады.

Мұның барлығын электронды форматқа ауыстырылады. Бұл ашықтықты қамтамасыз етуге көмектеседі. Сонымен қатар мұғалімнің өзіне тән қасиеттері, құзыреттілігіне, білімділігіне, біліктілігіне қарай комиссия шешім шығарып, ашық түрде жария етеді,

деп түсіндірді ол.

Мектепке ең мықты, білімді, білікті мұғалімдер келуі керек.

Осы норма "Білім туралы" Заңға енгізілді. Енді оны іске асыру үшін министрліктің бұйрығын дайындап жатырмыз. 1-2 аптаның ішінде бұйрыққа қол қоямын, содан соң күшіне енеді,

деді министр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров