Түркістан облысы

Суицид жасаған қыздың өліміне туыстары мектеп директорын кінәлады

Экспресс К

Facebool / Сафуан Утебаев

Түркістан облысы Ордабасы ауданының тумасы Мықтыбек Нұрдаулет әлеуметтік желі арқылы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Бас прокурор Ғизат Нұрдаулетов, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Білім министрі Асхат Аймағамбетов және Балалар құқығын қорғаушы Аружан Сайыннан көмек сұрады, деп хабарлайды «Экспресс К».

Ол мектеп директорының қарындасын өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгені туралы айтқан.

"Мен, Мықтыбек Нұрдаулет, Түркістан облысы Ордабасы ауданы Көкарал ауылының тұрғынымын. 2021 жылы 2 маусым күні, бір апта бұрын 9-сыныпты бітірген қарындасым Мықтыбек Эльвира өзіне-өзі қол жұмсап, суицид жасап қайтыс болды...

Қарындасымды суицидке итермелеген және оның өліміне кінәлі бірден бір адам мектеп директоры Стаева Айсара Нуржигитовна деп есептеймін. Себебі марқұм қарындасым үздік аттестаттан үмітті мектептегі үш оқушының бірі болды. Алайда директор үздік етпеуге барынша тырысып, емтиханда қысым көрсеткен. "Сен үшке оқитын қызсың, баллыңды 10 балл кемітемін"-деп оқушылардың көзінше айтқан.

Емтиханның соңында жеке алып қалған. Не айтып, не қысым жасағаны белгісіз. Қарындасым сыртқа қатты ызаланып, жылап шыққан. Бұған үй іші, мұғалімдер мен сыныптастары да куә. Осындай қысымнан кейін бұған дейін беске оқыған қарындасым бір сабақтан төрт шығып, қатты күйзеліске ұшырап, үйге ауласында арқанға асылып қалды.

Осы жағдайдан кейін менің әке-шешем мен әжем қатты ауырып қалды. Тиісті органдар осы айтылған жағдайларды зерттеп, ақ-қарасын анықтасын деген талап қоямын. Мен әділдікке сенемін", депі автор..

Желідегі жазбның астына пікір қалдырған Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы зерделеу комиссия тобы құрылып, Ордабасы ауданның Көкарал ауылындағы М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектепті тексеруді бастағанын айтқан.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің тергеп-тексеру амалдарының нәтижесі мен Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының қорытындылары алдағы уақытта жарияланатын болады

делінген онда.

Ал аталған жайт бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің білікті тергеушілері мен ҚР ҚК-нің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде және қажетті деген барлық жан-жақты шаралар жүзеге асырылуда. Бүгінде істің заң аясында жүргізілуін өңірдің бас полицейінің өзі қадағалап отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров