Түркістан облысында бақташы көне құлпытас тауып алған

Экспресс К

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Түркістан облысының Шардара ауданында бақташы біздің дәуіріміздің І - ІІІ ғасырларына тиесілі көне құлпытас-балбалды тапты.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Интерфакс-Қазақстан" хабарлады.

Ол тасты Шардара су қоймасының маңындағы Шекертөбе елді мекенінде мал жайып жүрген кезде тапқан. Ежелгі ескерткіш сол кездегі әйгілі қолбасшының құрметіне жасалуы мүмкін деп саналады, өйткені онда әскери бас киім бейнеленген.

Әкімдіктің баспасөз қызметіӘкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

Табылған тас мүсін қазір мұражайда. Тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізу үшін құжаттар дайындалуда,

деп атап өтті әкімдіктен.

Әкімдіктің баспасөз қызметіӘкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

Ақпаратты Шардара ауданының тарихи-өлкетану мұражайынан да растады.

"Мұндай қабір тасы біздің ауданнан алғаш рет табылып отыр. Бұл өте құнды және сирек кездесетін экспонат. Балбал ғұн жауынгерінің құрметіне жасалды деп ойлаймыз",-деді "Интерфакс — Қазақстан" агенттігіне музей меңгерушісі Нұрлан Сымаилов.

Оның айтуынша, құнды жәдігер табылған аумақта қазба жұмыстары жүргізілуі мүмкін.

Балбал-адам фигурасы түрінде тастан жасалған мүсін. Мұндай мүсіндерді тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік Сібірде, Алтайда, Тувада, Моңғолияда да кездестіруге болады. Мұндай қабір тастары қадірлі адамдар мен әскери басшылар жерленген жерге орнатылған деп саналады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров