Жоғалған туристердің заттары табылды

Экспресс К

ТЖД

Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің заттары табылды – деп хабарлайды «Экспресс К».

Бүгін сағат 13:10-да Түркістан облысы Төле би ауданының Айғыржыққан және Өгем өзендерінің қосылған тұсынан 500 метр қашықтықта жоғалған туристердің заттары табылды. Олардың ішінде жемпір, аяқ қиім, ұйықтауға арналған қап бар. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Туристердің бірінің анасы табылған заттардың арасынан өз баласының киімін таныды. ТЖМ құтқарушылары заттарды полиция қызметкерлеріне табыстады.

ТЖДТЖД
ТЖД

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоғалған жеті туристің үшеуі құтқарылып, екеуінің денесі табылған болатын. Қазіргі уақытта қалған екі туристті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Аймақта "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен аэровизуалды барлау жұмыстары жүргізілуде.

Іздестіру жұмыстарының басталғанына 15 тәулік болды. Оған Түркістан облысы ТЖ, Полиция департаменттерінен, ҰҚК Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан Республикасы ТЖМ жеке құрамынан 137 қызметкер, 17 бірлік техника, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары тоғыз бағытта жүргізілуде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров