Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына жаңа монумент тарту етілмек

Экспресс К

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған алып монумент салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды «Экспресс К» ақпараттық порталы.

Әкімдіктің баспасөз қызметіӘкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы мүсіннің қоладан, ал монументтің қабырғалары ақ мәрмәрден жасалатынын айтты. Монумент — 6756 шаршы метр аумаққа салынатыны мәлім болды.Және аталмыш ескерткіштің бір ерекшелігі — мұнда қазақ тарихындағы айтулы тұлғалар,оқиғалар қамтылған.

"30 метрлік көп фигуралы "Тәуелсіздік монументі" мүсіндік композициясы Қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихын бейнелейді. Композицияның орталығы — биіктігі 12,6 және диаметрі 11,3 метр болатын алтыбұрышты негіздегі тік ескерткіш. Оның төменгі бөлігінде Қазақстанның даму тарихы бедерленген рельеф орналасқан.Монументтің орталық бөлігінде қазақ халқының бірлігі мен елдігін бейнелейтін үш биіміз — Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би қойылған. Монументтің екі жағында Қазақ хандығында қабылданған "Жеті жарғы" заңдар жинағының үзінділері жазылған",-деді өңір басшысы.

Даниал Ахметов, сондай-ақ, монументтің қасынан үлкен саябақтың ашылатынын да айтты.Әкімнің сөзіне қарағанда, монумент қаланың жаңадан салыжан 19-ықшамауданында орнатылады.

Аталған кешеннің логикалық жалғасы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы жаңа аллея болмақ. Мұнда Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, еліміздің бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлының құрметіне ескерткіш қойылады

деді Даниал Ахметов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров