Ақтауда электросамокаттар іске қосылды

Экспресс К

© ЭК

Ақтауда электросамокаттарды жалға беру бойынша жаңа жоба іске қосылды деп хабарлайды «ЭкспрессК».

Бұл қосымша елімізде наурыз айынан бастап Алматы, ал, мамыр айында Нұр-сұлтан қалаларында іске қосылған. Енді жаңа жоба Ақтау қаласында да өз жұмысын бастамақ.

Жалға алу қызметін тұрғындар "JET" қосымшасы арқылы төлейді. Аталған қосымшаны смартфонға жүктеп алу керк.

JET Kazakhstan компаниясы жобаның бірінші кезеңі бойынша қалада 15 тұрақты 100 самокатпен қамтыды. Әр тұрақта пайдалану ережелері мен QR-коды бар тақтайшалар орнатылған.

"Бүгінгі күні қала бойынша 100 самокат шығарылды, бағасы әр минутқа 35 теңге, сондай-ақ, сапардағы жазатайым оқиғадан сақтау мақсатында самокаттар GPS-пен жабдықталған. Жылдамдықты 25 км/сағ-тан асыруға мүмкіндік жоқ. Маусым айының соңына дейін самокаттар санын 300 данаға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз",- дейді компания өкілі Мейрамбек Абелқасов.

Электросамокаттарды пайдалану — ұтқыр қозғалыс, қолжетімді автотұрақ, сондай-ақ қала ішінде экологиялық таза көлік құралы ретінде тиімді болмақ.

Электросамакттардың қатысуымен қалаларда жол көлік оқиғалары болып жатқаны белгілі. Мұндайда адамдар ережені қатаң түрде сақтаса және өте мұқият болса ешқандай оқыс оқиға болмайды. Сондықтан абай болуды ескертеді мамандар. Қауіпсіздік шараларын әр адам өз мойнына алуға тиіс.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров