Франция

Президентке де шапалақ тиеді екен

Экспресс К

Бейнеден кадр

Франция президенті Эмманюэль Макронды бір топ адамның арасында тұрған ер кісі шапалақпен ұрған.

Оқыс оқиға Франция президенті Дром департаментіне барған кезде болған, деп жазады "Экспресс К" тілшісі BFM телеарнасына сілтеме жасап. Ұрған азамат қолға түсірілді. Оған қоса тағы біреу ұсталған.

Макрон Дромға қоғамдық тамақтандыру саласының өкілдерімен кездесуге барыпты. Францияның оңтүстік-шығысындағы осы аймақ пандемиядан қатты зардап шеккен еді.

Оқиға түсірілген видеода президенттің қоршаудың артында тұрған бір топ адамға жақындағаны көрінеді. Солармен қол алысып амандасып жатқанда, біреуі оны шапалақпен ұрады. Содан кейін Макронның оққағарлары оған тап берген.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, полиция екі адамды ұстапты.Олар қазір билік өкіліне қасақана шабуыл жасағаны үшін қамауға алынған.

Депутат Эрик Кокерельдің айтуынша, Макронды ұрған адам әсіре оңшыл монархистердің арасында танымал бір ұранды айтып айғайлаған. Action Française қозғалысының өкілдері бірнеше жыл бұрын оған да солай ұрандап тпа беріпті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров