Жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам көз жұмды

Экспресс К

© ЭК

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы азаймай тұр. Бүгін сағат 16.00-де «ВАЗ 2110» маркалы автокөліктің 55 жастағы жүргізушісі көше қиылысының бірінде негізгі жолмен келе жатқан жүк көлікке жол бермеген, деп хабарлайды "Экспресс К"

Осы сәтте қатты соқтығысып, жеңіл көлік жүргізушісі мен ондағы екі жолаушы сол жерде көз жұмды. Жолаушының бірі 19 жастағы қыз болса, екіншісі 62 жастағы әйел адам. Тағы екі жолаушы мен 1 жастағы сәби дене жарақатын алды. Олар жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Алдын-ала болжам бойынша жеңіл көлік жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған. Сараптамалар тағайындалатын болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров