Мекеме операторы клиенттерден 1 млн-нан астам теңге ұрлаған

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Мамыр айының басында полицияға бірнеше азамат қаржы мекемелерінің біріндегі шоттарынан ақшаның бір бөлігі жоғалып кеткендігі туралы арыз жазған, деп хабарлайды "Экспресс К"

Бұл жағдай Ақтөбе қаласында болған. Жергілікті полиция қызметкерлері тергеу жүргізді. Нәтижесінде қаржы мекемесінің 21 жастағы операторын ұстады. Күдікті үш ай бойы 4 салымшының шотынан ақша жымқырып отырған. Оның қулығы сол, салымшылар байқамас үшін ақшаны аз мөлшерде шетінен шешіп алған. Осылайша жәбірленушілердің шотынан 1 миллион 300 мың теңгені жымқырыпты. Ал, қаражатты букмекерлік кеңселердегі құмар ойынға тіккен.

Осы фактілердің негізінде ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі "ұрлық жасау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полицейлер банк карталарынан ақша ұрау оқиғаларының жиі болатынын азаматтардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан, дейді. Ал әккі ұрылар өздерінің кәсібін жетілдіріп отырады. Департамент мамандары тұрғындарға шотта сақталған ақшаға мұқият болуды және үнемі тексеріп тұруды ескертеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров