80 келі есірткі тәркіленді

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қостанайда ірі көлемдегі есірткі саудасының жолы кесілді, деп хабарлайды «Экспресс К».

Azattyq Rýhy тілшісінің жазуынша полицейлер күдік тудырған "ВАЗ-2109" жеңіл көлігін тоқтатып, салонның артқы орындығынан екі полиэтиленді қапқа оралған өсімдік тектес затты тапқан.

Нәтижесінде табылған заттың марихуана екені анықталды, оның салмағы 80 келіден асқан. Ал, қара нарықтағы бағасы 8 миллион теңге тұратыны белгілі болды. Ұсталған күдікті 61 жаста, Бейімбет Майлин ауданының тұрғыны. Ол есірткіні сатып, пайда таппақ болған.

Бүгінгі таңда күдікті тұлға қамауға алынып, ҚР ҚК 297 бабының 3-бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, Қостанай облысы аумағында 1 маусымнан 31 қазан аралығында "Қарасора-2021" жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр. Алғашқы 7 күн ішінде полиция қызметкерлері есірткіге қатысты қылмыс және құқық бұзушылықтың 14 фактісі анықтады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров