Қазақстан

"Қызыл" аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы қалып отыр

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Covid-19 таралу қаупі жоғары аймақта Елорда.

9 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша қауіптілігі жоғары "қызыл" аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана қалып отыр, деп хабарлады "Экспресс К"

"Сары" аймақта Алматы қаласы, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары.

Қалған өңірлердің барлығы анағұрлым қауіпсіз аймақ қатарында. Мұның алдында Қазақстан 7 маусымнан бастап "жасыл" аймаққа өткен болатын.

Ал, өткен тәулікте елімізде ПТР тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 мың жаңа жағдайы тіркелді. Пандемия басталғалы бері елде барлығы 396 мың 832 covid-19 жағдайы расталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров