Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды

Экспресс К

instagram.com / astanaarlans

Олимпиада жеңімпазы, Вэл Баркер Кубогының иегері Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды.

"Астана Арланс" клубы баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, ол бокстан Қазақстан Республикасының мемлекеттік бапкері Болат Әбдірахмановтың орнына барады, деп хабарлайды "Экспресс К" Vesti.kz ақпаратына сүйеніп.

Артаев 2018 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін "Астана Арланс" бокс клубының бас менеджері қызметін атқарды.

Боксшы 2004 жылы Афина олимпиадасында алтынды жеңіп алған. Сонымен қатар, ол — әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері.

Айта кетейік, 38 жастағы Бақтияр Артаев әр жылдары Айшабибі ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары және тағы басқа лауазымды қызметтерді атқарған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров