Зират жанында өрт шықты (видео)

Экспресс К

Бейнеден кадр

Әлеуметтік желіде зират маңының өртеніп жатқан видеосы тарады. Өрт Екібастұз қаласының шетінде болған, деп жазады «Экспресс К».

Видеодан зираттың жанында қоқыстар өртеніп, қою көк түтін көке көтерілгенін көруге болады. Өртеніп жатқан аумақта көліктердің ескі шиналары үйіліп жатыр. Видео авторы "Бұл түтін қала ортасынан анық көрініп тұр," деп жазған.

Оқиғаны қала әкімдігі растады. Олардың мәліметінше, бұл өрт ипподромның артындағы зират маңындағы қоқыстан шыққан.

— Құрғақ шөптер мен техникалық бұйымдар өртенді. Онда өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамнан 8 адам жіберілді. Сонымен бірге қалалық су арнасының техникасы да қосымша жұмылдырылды,

дейді қала әкімдігіндегілер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров