Боливияда депутаттар бір-бірімен қырылысып қалды (видео)

Экспресс К

Бейнеден кадр

Депутаттардың бұлай қызбалыққа баруына Боливия Ішкі істер министрінің 2019 жылғы мемлекеттік төңкеріске қатысты іс бойынша сөз сөйлеуі себеп болды.

Парламентте болған бұл жаппай төбелеске ерлермен қатар әйелдер де қатысты, деп хабарлайды "Экспресс К" "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

Министр төңкеріс туралы видеоны көрсете сала, оппозиционерлер орындарынан атып тұрған. Олар шенеуніктің қателескенін жұдырықпен түсіндірмек болыпты. Алайда билік блогындағы депутаттар олардың жолын кеспекке ұмтылады. Осыдан кейін төбелес басталып кеткен. Олар бір-бірін кәдімгідей бүйірден, жақтан ұрған. Ал төбелестің бел ортасында тіпті әйел адам жүріпті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров