Араб шейхтеріне 400-ден аса дуадақ аулауға рұқсат берілмек

Экспресс К

vk.com

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Ашық НҚА» сайтында «Жек дуадаққа саятшылық құру туралы» үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп хабарлайды «Экспресс К».

Енді Араб шейхтеріне 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 15 қараша аралығында жалпы саны 413 жек дуадақ аулауға рұқсат беріледі. Соның нәтижесінде Қазақстан бюджетіне жүздеген миллион теңгемен кіріс келеді.

Аталған қаулыда кімге қанша дуадақ тиесілі екені былайша тізіліп жазылған:

"1) шейх Халифа Бин Заед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 97 (тоқсан жеті) дарақ жек дуадаққа және Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 99 (тоқсан тоғыз) дарақ жек дуадаққа;

2) шейх Сурур Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 52 (елу екі) дарақ жек дуадаққа;

3) шейх Сеиф Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб

Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар

Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 51 (елу бір) дарақ жек дуадаққа;

4) шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Таниге (Қатар)

Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында 34 (отыз төрт) дарақ жек дуадаққа және Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 80 (сексен) дарақ жек дуадаққа өз ителгілерімен саятшылық құруға рұқсат берілсін.

2. Жек дуадақтың бір дарағын аулау ақысының мөлшерлемесі

260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсімдерін сақтай отырып, ителгімен саятшылық құру үшін жыртқыш аушы құстардың Қазақстан Республикасына әкелінуі мен Қазақстан Республикасынан әкетілуін қамтамасыз етсін.

4. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдері көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсетсін".

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров