Ұрлаған ақшасын өз ауласына көміп қойған

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

ШҚО-да дүкеннің есігін бұзып кірген жігіт 400 мың теңгеге жуық ақшаны ұрлап кетті.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ұрыны саусақ ізімен анықтады, деп хабарлайды "Экспресс-К" Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.

Шемонаиха АІІБ "102" жедел арнасына 60 жастағы қала тұрғыны хабарласып, 2021 жылдың 16 мамыры сағат 22.30-дан 17 мамырдың сағат 07.50-ге дейінгі уақыт кезеңінде белгісіз біреулер кілтті табу және екінші есікті бұзу арқылы Шемонаихада орналасқан өзіне тиесілі дүкенге кіріп, 390 400 теңге қаражатын және бейнетіркегішті ұрлап кеткенін айтып, арызданған.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Оқиға орнында сарапшы-криминалист қол іздерін тауып, дәлелдемелер жинаған. Полиция қызметкерлері алынған қол іздерін егжей-тегжейлі зерделеп, оларды арнайы деректер базасы бойынша тексере бастады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары қылмыс орнында табылған іздер осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын сотталған Шемонаиха қаласының 18 жастағы тұрғынының дактилоскопиялық картасымен сәйкес келетінін анықтады.

Күдіктінің жеке басы анықталғаннан кейін жедел уәкілдер оны дереу қолға түсірген. Тексеру барысында тәртіп сақшылары осы қылмысқа бару себебі, қаскөйдің жақында сатып алған көлігіне жөндеу жасау үшін ақшалай қаражат қажет болғанын анықтады. Жігіт дәл осы дүкенге екінші рет ұрлыққа түскен.

Ойындағы жоспарын жүзеге асыра отырып, мол қаражаттың қайдан келгенін жақындарына түсіндіре алмайтынын білген ол заңсыз "олжаны" үйінің ауласына көміп тастаған.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындаған. Ұрланған ақша ішінара тәркіленді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров