Ақтауда әлемдік автошабандоздар байқауы басталды


rallykazakhstan.com
Маңғыстау өңірінде дүниежүзілік автошабандоздар жарысы басталды.
"Ралли Қазақстан" кубогына әлемнің 33 елінен келген спортшылар қатысады. Олар алдағы бес күн бойы бақтарын сынайды.


Спортшылар құмды, тау мен тас, сор мен жолсыз далада 2400 шақырым жүруі тиіс. 40-қа жуық жол талғамайтын көлік пен 18 мотоспортшы Бозжыра, Қарақия, Үстірт алқабынан да өтеді.


Автошабондоздардың дені АҚШ, Аргентина, Германия, Өзбекстан, Испания, Италия, Біріккен Араб Әмірлігі, Австралия, Гватемала, Ботсвана және Ресейден келген.
Ел намысын 8 экипаждан құралған бес команда қорғайды. Оның ішінде екеуі маңғыстаулық.
"Ралли Қазақстанға" қызығушылық өте жоғары. Себебі, бізде арабтардікіндей тек құм емес, тас та, су да, сор да бар. Бір ерекшелігі бұл жарыста "мен" деген спортшылардың өзі көптеген қателік жіберіп жатады",-дейді ұйымдастыру алқасының мүшелері.