Интервьюерді бірден танисыз

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Биыл елімізде Ұлттық санақ өтеді. Ол 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығын қамтиды. Санақ жүргізу жұмыстарын интервьюерлер атқарады. Оған 32 мыңнан астам адам тартылады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Интервьюерлер қызметіне өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын бастамашыл, коммуникабельді, компьютерді жақсы меңгерген 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер бола алады.

Олар қала мен ауылдағы үйлердің бәрін аралап, санақ жүргізеді. Қарапайым халық интервьюерлерді тек куәлігіне қарап қана емес, киген киімі мен ұстаған сөмкесіне дейін тап басып таниды.

"Куәлікте интервьюердің фотосуреті, аты-жөні, берілген уақыты мен жарамдылық мерзімі көрсетіледі. Сондай-ақ онда аумақтық статистика бөлімшесінің қолы мен мөрі болады. Барлық интервьюерлер халық санағының белгісі бар көк түсті мойынорағыш асынып, қолдарына портфель ұстап жүреді", — дейді Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі Олжас Сайлаубекұлы.

Аталған Ұлттық санақ — "Қазақстанда әркім маңызды!" деген ұранмен өтеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров