Елорданың бас санитары үндеу жасады

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

COVID-19-ға қарсы вакцинаның бір дозасын Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының 14,3%-ы алған, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралды шаһардың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова арнайы брифингінде мәлімдеді. Ол қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру шаралары қабылданып жатқанын айтты.

Ұжымдық иммунитеттің оңтайлы деңгейіне қол жеткізу үшін қала халқының кемінде 60%-ын COVID-19-ға қарсы вакцинамен қамту қажет. Бүгінгі таңда өзін-өзі оқшаулау және басқа да шектеу шараларының балама шешімі — вакциналау болып отыр,

деді Сархат Бейсенова елорда әкімдігінің брифингінде.

Оның айтуынша, елорда тұрғындарының 14,3%-ы COVID-19-ға қарсы вакцинаның бір дозасын алған.

"Біз вакцинаны қала тұрғындарына қолжетімді ету үшін бәрін жасап жатырмыз. Осы орайда, мен баршаңыздан жаңа қалыпты жағдайға оралу үшін вакцина алуға шақырамын. Сондай-ақ, тұрғындардан бұқаралық іс-шараларға, акцияларға және ұтыс ойындарына қатыспауларыңызды өтінемін. Мұндай шараларды тек онлайн режимінде ұйымдастыруыңызды сұраймыз, өйткені қала бұрынғысынша қызыл аймақта орналасқан", — дейді Бейсенова.

Мамыр айының басымен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққандағы апталық сырқаттану көрсеткіші 210-нан 110-ға дейін төмендегенін айта кету керек. Бір аптада СOVID-19 бойынша 1315 жағдай тіркелді, сырқаттану көрсеткіші алдыңғы аптадан 18%-ға төмен. 9 маусымдағы жағдай бойынша елорда халқының 9,4% немесе 111 683 адам екі компонентті толық алды. Бірінші компонентпен 169 632 адам немесе 14,3% қамтылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров