Қызын құтқарамын деп өзі суға кетті

Экспресс К

Pixabay

Целиноград ауданының 43 жастағы тұрғыны Нұра өзеніне суға ағып кеткен қызын құтқармақ болып, өзі қаза тапты.

Қайғылы оқиға Отаутүскен ауылында болды. Анасы мен қызы 8 маусым күні өзен жағасына балық аулауға келген. Әйелдің 10 жастағы қызы суға шомылуға түсіп, өзен ағысына төтеп бере алмай қалған.

Мұны көрген анасы өзенге сүңгіген. Жасөспірім ағаш бұтағын қармап, бар дауысымен көмекке шақырған. Оны жақын маңдағы ферма жұмысшысы құтқарып алыпты. Қазіргі таңда, қыз бала Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал, араға бес сағат салып төтенше жағдай мамандары әйелдің мәйітін тапқан.

Айта кетелік, бұған дейін де Ақмола облысында 3 адам суға кеткен болатын. Оның екеуі кәмелет жасына толмаған жеткіншектер еді. Сала мамандары Нұра өзенінде бұған дейін де бірнеше мәрте қайғылы оқиғалар болғанын айтады. Өзеннің жағалауы бірер қадам таяз болып көрінгенмен бірден тереңдеп, кей жерлерде 7 метрге дейін жетеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров